Жаңалықтар

Өскеменде бабалар мұрасы дәріптелді

Өскеменде бабалар мұрасы дәріптелді
15.10.2018 12:44 2514

Өскемендегі Достық үйінде «Бабалар мұрасы» қазақ ауыз әдебиетінің облыстық фестивалі өтті.

Аталмыш шара Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық сананың жаңғыруы  бағдарламасы негізінде облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында ұйымдастырылып өткізілді.

Фестиваль барысында көнеден келе жатқан қазақ халқының халық әндері, биі, күйі орындалып, аңыз дастандардың желісімен шағын саханалық қойылымдар көрсетілді.

«Бабалар мұрасы» қазақ ауыз әдебиетінің облыстық фестивалі шеңберінде аудандарда түрлі экспедицялар ұйымдастырылып, қазақ фольклорын жаңғыртып, ұмыт болған ән-күйлер мен жырлар, аңыз-әпсаналар мен дастандар зерттеліп, жинақталды», –деді Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков.

Фестиваль соңында барлық қатысушыларға ШҚО Қазақстан халқы ассамблеясының атынан алғыс хаттар табысталды.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға