Жаңалықтар

Сіздер қалай жұмыс істеп отырсыздар? Зайытов энергетика министрінің жұмысын сынға алды

Сіздер қалай жұмыс істеп отырсыздар? Зайытов энергетика министрінің жұмысын сынға алды
Фото: t.me/mazhilis_kz 21.06.2023 11:18 759

Энергетика министрлігінің бақылауындағы 40 кәсіпорын 2020-2022 жылдық кезеңде күзгі-қысқы жылу жұмыстарына дайындық құжаттарын мүлде алмаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің бақылауында 40 кәсіпорын 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде күзгі-қысқы жұмысқа дайындық құжаттарын мүлде алмаған, өтінім бермеген. Осының кесірінен қазіргі кезде дайындық құжаттары жай ғана ресми нәрсе сияқты болып көрінеді, ешкім қажет етпейтіндей. Соның салдарынан жыл сайын 500-ден астам кәсіпорын дайындық паспортын алуға өтінім бермейді. Сонда бұл қалай болған? Осы жерде заңды сұрақ туады. Құрметті Алмасадам Майданұлы, сіздер қалай жұмыс істеп отырсыздар? Неге бұлай жұмыс істеп отырсыздар? Жалпы, болшақта не жоспарларыңыз бар? - деді Зайытов өз сауалында.

Депутат Зайытовтың бұл сұрағына энегертика министрі Алмасадам Сәтқалиев жауап берді.

Барлық ірі энергетикалық нысандар қысқа дайындық құжаттарын алады. Бұл жерде қалып отырғаны – айыппұлдары көп мөлшердегі шағын және орта кәсіпкерлік объектілер. Атап айтқанда, орта кәсіпкерлік объектілерде 510 мың теңге, ал шағын кәсіпкерлік объектілерде 170 мың теңге шамасында. Нақтырақ айтқанда, аталған объектілер энергия және жылумен қамтылуда үмітті емес. Яғни практикалық мәселе жергілікті атқарушы органдарға әкімшілік хаттамалар жасау бойынша жұмысты күшейту керек, яғни біз энергетика және әкімшілік қадағалау органы ретінде тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Егер ірі нысан тиісті әзірлік паспортын алмаса, онда комиссия дереу жұмысқа кірісіп, министрлік деңгейінде тиісті отырыстар ұйымдастырылып, қажетті шаралар қабылданады, - деп жауап берде энегетика министрі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл мәселені қолға алу керегін айтты. Барлық мәселе осы паспорттың жоғынан басталады немесе формальді берілгеннен басталатынын атап өтті.

Депутат Ринат Зайытовтың сұрағы өзекті. Барлық мәселе осы паспорттың жоғынан басталады немесе формальді берілгеннен басталады. Біз білеміз ғой. Не паспортты келісіп бере салады, артынан проблеманы көріп жатырмыз немесе мүлдем өтінім бермейді, паспорт та жоқ. Сондықтан еліміз бойынша қаншама кәсіпорында осындай мәселе бар. Сондықтан біздің тиісті комитет осыны бақылауға алуы керек. Экология комитеті ғой айналысатын? Бұл мәселені тағы комитетте тыңдауымыз керек. Келесі жылға дайындық, паспорт дайындығы, бүкіл министрлікпен бірге комитетте қарау керек. Қай кәсіпорын паспортты алды, қай кәсіпорын алмады? Бұл біздің энергетикалық қауіпсіздікке қатысы бар сұрақ, - деп атап өтті Мәжіліс төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға