
Сирияда шіркеуде болған жарылыстан ондаған адам қаза тапты
22.06.2025 22:29
899
Фото: © SANA via AP
Сирияның Дамаск қаласының шығыс бөлігінде орналасқан христиан шіркеуінде болған теракт салдарынан кем дегенде 25 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Al Hadath телеарнасының хабарлауынша, жарылғыш құрылғыны шіркеуде жанкешті іске қосқан.
Шабуыл Дувейла ауданында болған, бұл жерде негізінен христиандар тұрады. Полиция оқиға орнын қоршауға алды, ал жедел жәрдем көліктері жараланғандарды тасымалдау үшін оқиға орнына келіп жатыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша, лаңкес алдымен шіркеудегі жамағатқа оқ жаудырған, содан кейін ғимарат ішінде беліндегі жарылғыш құрылғыны іске қосқан.