Жаңалықтар

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 18.06.2023 11:00 2147

Флюорография – өкпенің рентгендік зерттеуі. Зерттелетін жерден өткеннен кейін олар флюорографиялық пленкасы бар арнайы экранға түседі. Көріністен кейін өкпені, жүректі, кеуде қуысының басқа мүшелерін және олардағы өзгерістерді көруге болатын сурет алынады. El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі осы бір саланың қыр-сырын білмекке №10 емханаға барды. Ондағы флюорография және рентген бөлімінің жұмысымен танысып, рентгенолог дәрігермен сұхбаттасып қайтты.

Мадина Сәулембекова – №10 поликлиниканың рентгенолог дәрігері. Бұл қызметте жүргеніне 12 жылдың жүзі болған маман бүгінде білікті дәрігер. 2011 жылы Астана медицина университетін тәмамдады. Бүгінде ол Астана медициналық университетінің радиология кафедрасының ассистенті болып жұмыс істейді. Мадина бұл мамандықты игеру мен жұмысқа орналасуына кезінде өзіне сабақ берген ұстаздардың арқасы деп біледі.

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Радиология кафедрасының негізін қалаушы, тарихтың бастауы медицина ғылымдарының докторы профессор Раушан Рахымжановадан басталады. Қазіргі таңда сол кісінің ізбасары кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы Жанар Абдырахманова қызмет етеді. Осы ұстаздардың арқасында бүгінде білімді дәрігер, кафедра ассистенті атанып отырмын. Сәулелік диагностиканың қыр-сырын көрсетіп, дұрыс сипаттама жасау, рентген суреттерін түсіндіруді үйреткен осы адамдар. Оларға алғысым шексіз, – дейді ол.

Университетте жұмыс жасай отырып, дәрігер ретінде науқастарды да қарайтынын айтады.

Біз науқастарды флюородан және рентгеннен, сондай-ақ, маммография мен компьютерлік томографиядан өткіземіз. Мен соның ішінде рентген бөлімінде жұмыс істеймін. Әртүрлі жарақат, жөтел сияқты тағы басқа шағымдармен келгендерді аппаратқа түсіреміз, – дейді ол.

Емхана заманауи және цифрлы жаңа технологиялармен жабдықталған. Науқас аппаратқа түскен кезде бұрынғыдай пленкасын күтіп, уақытын кетірмейді. Қазір бірден компьютерлік мониторға шыға келеді. Яғни, бұл өз кезегінде үш есе жылдам және өте қолайлы.

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Науқастың диагнозы білінетін болса, 90 пайыз ол азаматтың емі дұрыс болды деген сөз. Флюорография бұл скрингтік профилактикалық әдіс болып табылады. Дені сау халық арасында жүргізілетін жылына бір рет өтетін зерттеу әдісі. Ол қатерлі ісік, туберкулез сияқты аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Мысалы туберкулезді анықтайтын болсақ, оның таралуына жол бермейді. Ал қатерлі ісіктің бастапқы кезеңін анықтайтын болсақ, науқастың өмір сүру сапасы жақсарып қоймай, өмірі ұзарады, – дейді рентгенолог дәрігер.

Сол себепті, қазір флюорографияның орны ерекше екенін тілге тиек еткен дәрігер оның көмегімен аурудың сипатын анықтап, сол арқылы дәрігер маман дәл әрі нақты диагноз қояды деп отыр. Флюородан жылына бір рет бәріміз өтеміз. Бірақ кейбір адамдар жұмысына және қауіп-қатерге байланысты жылына екі рет өтетін кездер де болып жатады.

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Бұл ретте науқастың шағымы болмаса, жылына бір рет өтеді. Ал жөтеліп, қызу көтерілген жағдайда біз рентген аппаратқа түсіреміз. Осындай кезде дәрігерден арнайы жолдама алып бізге кез келген уақытта келіп түсе алады, – дейді.

Кешегі пандемия кезінде де білікті дәрігерлер табанынан тік тұрып қызмет етті. Әсіресе, бұл бөлімге келетіндердің саны өте көп болған. Олардың көбісі пневмонияға шалдыққандар дейді.

Пандемия кезінде басқа салаға қарағанда рентген мен компьютерлік томографияға саны 5-10 есе артқан күндер де болды. Тіпті жай күні 30-40 адамды қарасақ, ковид уақытында 80 науқасқа дейін қабылдадық. Мұндай уақытта үлгеруге тырыстық. Қолымыздан келгенше науқастарға көмектестік. Әдетте жұмысымыз бесте аяқталу керек болса, біз түнге дейін жұмыс емес күндері де шығып жүрдік, – деп қиын уақытта науқастың көптігіне қарамастан, бәрін қабылдап барынша қолдау көрсеткенін жеткізді.

Емхана екі жылдың көлемінде кореялық жаңа аппаратпен толыққанын айтты. Мәселен «siemens» деп аталатын аппарат бар. Бұл стационарлық рентген аппарат болып табылады. Аппарат көмегімен тек қана өкпені және сүйекті түсіріп қана қоймай, рентгеноскопияны да жасауға болады. Екінші аппарат оған қарағанда жеңілдеу және анағұрлым жылдам екен. Бірақ онымен зерттеулерді жүргізе алмайды.

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Барлық түскен суреттерді (снимок) ординаторлық кабинетінде қарайды. Яғни, бүкіл түскен суреттердің бәрі қазір амбулаторлық картаға түседі. Әр кісінің өзінің электрондық картасы бар. Сол арқылы жолдама алып, науқас түскеннен кейін ол сурет факс жүйесі арқылы аталған картаға түседі. Содан кейін факс жүйесіндегі барлық науқастарды ординаторлық кабинетте отырып, 5 минут ішінде суреттерді қарап, талдауға мүмкіндік туады, – дейді Мадина.

Аталған қызметте жүргенінен 12 жыл болса да, бұл дәрігер үшін өте аз уақыт екенін айтты. Десе, де өз біліктілігін одан әрі арттыру мақсатында жылына немесе екі-үш жылда бір рет мемлекет арасында болып жатқан әртүрлі форумдарға қатысып, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып өзін шыдайтынын жеткізді.

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Өзге мемлекеттер де біздің әріптестеріміз бар. Солармен тәжірибе алмасамыз. Әрдайым ізденістеміз. Менің салам негізінен өте қиын. Қазір жастар арасында енді ғана дамып келе жатыр. Бұрын маған барлығы қорқынышпен қарайтын. Сен жап-жас болып рентген сәулесінің арасында қалай жұмыс істейсің? Саған қиын емес пе дегендер болды. Бұрын бұл қызметте көбісі бала-шағасы бар егде жастағылар жұмыс істейтін. Ауыртпашылық та жоқ емес. Сәулелікпен тікелей жұмыс істетйіндіктен, науқастардың саны да өте көп болады, – дейді.

Емханада рентген бір ғана бөлімше болғасын науқастар жедел түрде қызумен және жөтелмен келетін жағдайлар болады. Ондай кезде оларды фильтр кабинеттен өткізеді. Өзі қатарлас басқа дәрігерлерден жолдама алып, 100-деген участіктен келетін науқастар бар көрінеді. Сондай кезде кішкене ауыртпалықтар болатынын айтады.

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Мен жұмыс істейтін бөлімде үш рентген дәрігер бар. Бұдан бөлек, біз қазір науқастардың суретін пленкаға шығармаймыз. Снимоктарды компьютер арқылы тікелей жібереміз. Сондықтан қашықтықтан жұмыстайтын дәрігерлер де бар. Одан басқа маммографияда екі дәрігер және компьютер томографияға жауапты үш адам, флюорографияда екі дәрігеріміз жұмыс істейді. Олардың жанында лоборанттар болады. Яғни, алмасып жұмыс істейді, – деді ол.

Мемлекет тарапынан медицина саласына көп көңіл бөлініп жатқанын айтты. Барынша емханада мүмкіндіктер жасалды. Мәселен қазір цифрлық технологияның көмегімен жұмыстың жылдамырақ бітеді. Paks жүйесін бес жылдың көлемінде енгізгенін тілге тиек етті.

Демек біз шетелмен бірдей дамып келе жатырмыз деген сөз. Яғни, бір орында қалып қойған жоқпыз. Баяғыда пленкамен отырып, негатоскопқа қарап отырмаймыз. Компьютер арқылы кез келген жерін үлкейтіп, азайтып-ұлғайта аламыз. Науқастардың анализі қазір бір күн ішінде дайын болады. Мысалы ол адам келіп түскесін, оның ауруының ауырлық деңгейіне қараймыз. Егер жедел қаралатын жағдай болса, фильтр кабинет бар. Ондай жағдайда жедел әрекет жасау керек болады, – дейді дәрігер.

Басында аталған мамандыққа қорқынышпен келген ол қазір уақыт өте келе қыр-сырын жетік меңгергеннен кейін жылдан жылға мамандығы өте қызық болып бара жатқанын айтты. Өзге салаға қарағанда бұл мамандық сан қырлы.

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Егер мен травмотолог болсам, тек сынықты қарайтын едім. Ал рентгенде біз барлық жүйені қамтимыз. Оның ішінде сүйектен бастап, жүрек, өкпені де қараймыз. Аурдың алғашқы сатысын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы туберкулез ол жұқпалы ауру. Оның таралуына біз жол бермеу керекпіз. Анықтай отырып бастапқы сатысында тоқтатып салу керек, – деді.

Бүгінде ең жиі тіркелетін туберкулез және пневмония жиі кездесетін көрінеді. Пандемия уақытында пневмонияға шалдыққандар өте көп болған болса, қазір де оның басқа түрлері кездесетін айтады.

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Сирек мамандықтың иесі – рентгенолог дәрігер

Пандемия кезінде пневмонияның вирустық түрі жиі таралса, қазір бактериялық жиі кездеседі. Яғни, қоздырғышына байланысты. Туберкулезбен ауыратындардың көбісі шетелден елімізге жұмысқа тұру үшін келетіндер. Олар уақытында тамақтанбауы мүмкін, ауа-райына байланысты иммунитеттері де төмен болып жатады. Көбісі жататын орны жоқ еккенін айтады. Мұндай кезде режиім бұзылады. Ал спортпен айналысып, дұрыс тамақтанатындар мұндай ауру болмайды және кездесу ықтималдығы төмен, – деді №10 емхананың рентгенолог дәрігері Мадина Сәулембекова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға