Сирек кездесетін гауһар мен зергерлік бұйымдар аукционға қойылады

 zbirt
Фото: zbirt

10 қарашада Женевада өтетін Phillips аукционында Вандербильт отбасының сирек гауһартасы мен тарихи зергерлік бұйымдары ұсынылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Аукционның басты лоты — 6,95 караттық күлгін-жасыл түсті гауһартас, ал бағасы 9 миллион доллардан басталады. Сонымен қатар, Вандербильт отбасының Tiffany & Co жасаған кашмир сапфирі бар броші 1-1,5 миллион доллар аралығында бағаланып отыр.

Аукционға тағы Cartier, Van Cleef & Arpels, Bvlgari және Tiffany & Co зергерлік бұйымдары да қойылады. Сауда Женевадағы President Wilson қонақүйінде өтеді.

Вандербильт отбасы — АҚШ-та пароходтар мен теміржол бизнесі арқылы байыған әйгілі әулет.

Оқи отырыңыз