Жаңалықтар

Синоптиктер ерекше шұғылаға қатысты пікір білдірді

Синоптиктер ерекше шұғылаға қатысты пікір білдірді
Фото: t.me/skopetro 06.11.2023 11:16 1172

Өткен түні еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындары түнгі аспандағы таңғажайып шұғылаға куә болды. Ерекше құбылысқа қатысты «Қазгидромет» өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 5-6 қарашаға қараған түні республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында полярлық шұғыла байқалды. Полярлық шұғыла күннен бөлінген зарядталған бөлшектер атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы сирек газдарға әсер еткенде байқалады, дейді ведомство өкілдері.

Айта кету керек, бұл метеорологиялық құбылыс біздің ендіктерге тән емес және ел аумағында өте сирек кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға