Жаңалықтар

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады
Фото: El.kz 20.02.2023 19:45 556

Қазгидромет 21 ақпан күні бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

21 ақпанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Астана қ аласында жолдарда көктайғақ, түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседіді. Оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын, тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға