Жаңалықтар

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 25.03.2024 08:41 14495

Синоптиктер алдағы 7 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптикалық болжамға сәйкес, 2024 жылғы 23-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр.

26 наурызда еліміздің батысында (Батыс Қазақстан, Атырау) жаңбыр, сондай-ақ 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) қатты жаңбыр күтіледі.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы күтіледі.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда "Қазгидромет" су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға