Жаңалықтар

СІМ: Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдаушылық білдіреді

СІМ: Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне алаңдаушылық білдіреді
Фото: Ашық дереккөзден 08.10.2023 18:20 589

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Израильдегі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіретіні туралы мәлімдеді. 

Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз. Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалуда,- деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға