Жаңалықтар

СІМ: Қазақстан азаматтарын Суданнан эвакуациялау жалғасып жатыр

СІМ: Қазақстан азаматтарын Суданнан эвакуациялау жалғасып жатыр
Фото: ҚР СІМ 26.04.2023 20:08 854

Судандағы жағдай шиеленісіп барады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазір Хартум қаласында және елдің басқа аймақтарында соғыс қимылдары жалғасуда. Тіпті гуманитарлық бітім де қайта-қайта бұзылып жатыр. Осы орайда барлық ел өз азаматтарын эвакуациялауға көшкен. Олардың арасында Қазақстан да бар. ҚР СІМ мәліметінше, Қазақстанның Эфиопиядағы елшілігі отандастарымызды қақтығыс аймағынан эвакуациялау мәселесін пысықтап жатыр.

Эфиопияда тіркелген бірқатар елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізіліп, оларға ҚР азаматтарын Суданнан эвакуациялауға көмектесу үшін ресми өтініштер жіберілді, - делінген мәліметте.

Бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар азаматы қақтығыс аймағынан эвакуацияланды. Қазақстан азаматтарын Эфиопия мен Сауд Арабиясы Корольдігінің аумағы арқылы эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Эфиопиядағы ҚР елшілігі азаматтарымызды Суданнан келісілген және қауіпсіз шығару үшін Мысырдағы және Сауд Арабиядағы ҚР дипломатиялық өкілдіктерімен тығыз байланыста, - деді министрлік өкілдері.

ҚР азаматтарының нақты санын анықтау және оларға Суданнан эвакуациялауға жәрдем көрсету үшін елшілік жанынан жедел желі ашылды: +251 945 051 624 (WhatsApp), kazembethiopia@gmail.com, kazembethiopia@mfa.kz.

Бұған дейін Қазақстанның үші азаматы қауіпсіз жерге көшірілгенін жазғанбыз.

Айта кетерлігі, 15 сәуірде Суданның Ұлттық қорғаныс күштері мен Жедел әрекет ету күштері арасында басталған қарулы қақтығыс ушығып, бейбіт тұрғындар арасында көз жұмғандар саны артып келеді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға