Жаңалықтар

СІМ Пхукеттегі қазақстандықтармен болған жанжалға қатысты түсініктеме берді

СІМ Пхукеттегі қазақстандықтармен болған жанжалға қатысты түсініктеме берді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.09.2023 14:17 696

Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтармен болған оқиға туралы әзірге консулдық арналар арқылы ақпарат түспегенін айтты.

Біз бұл ақпаратты ресми түрде тай билігінен алған жоқпыз. Біз тергеумен айналыспаймыз, біз құқық қорғау органдары емеспіз. Дипломаттардың, шетелдегі консулдардың рөлі – толық консулдық-құқықтық сүйемелдеу көрсету, оның ішінде біз азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерінің бұзылмауын қадағалаймыз. Бірақ біз сотқа тараптардың кез келгенінің қорғаушысы ретінде де, тергеу әрекеттеріне де қатысуға құқығымыз жоқ. Сондықтан тергеуді оқиға болған елдің құқық қорғау органдары жүргізеді.

Бұған дейін қазақстандықтар Таиландта Италия азаматын азаптап, тонап кеткені туралы ақпарат тараған

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға