Жаңалықтар

СІМ орынбасары Түркиямен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

СІМ орынбасары Түркиямен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: ҚР СІМ 08.09.2023 07:37 293

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркияның Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың әр түрлі салалардағы өзекті мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Сұхбат барасында осы жылы жоспарланған жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шараларға, сондай-ақ көпжақты құрылымдар (ИЫҰ, ТМҰ, ЭЫҰ, АӨСШК, БҰҰ) шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына көңіл бөлінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға