СІМ өкілдері Катар елшісімен кездесті

 СІМ-нің баспасөз қызметі
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин еліміздегі Катар мемлекетінің Елшісі Абдулла Хусейн Мухаммад Джабермен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан-Қатар қарым-қатынастарының оң динамикасын, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің дамуын атап өтті. Тараптар сондай-ақ БҰҰ аясындағы әлеуметтік даму мәселелеріне баса назар аударып өзара іс-қимылды талқылады.

Кездесу соңында сұхбаттастар Қазақстан мен Қатар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

Оқи отырыңыз