Жаңалықтар

СІМ: Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

СІМ: Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 10.09.2023 08:17 705

Мароккодағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Мароккода 8 қыркүйек күні кешке магнитудасы 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Марракештен оңтүстік-батысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан. Мамандардың айтуынша, зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Магнитудасы 4,8-ге дейін жететін жерасты дүмпулері бірнеше рет қайталанды.

Сейсмологтар алдағы бірнеше күн ішінде жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер болуы мүмкін екенін ескертті.

Марокко Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 мыңнан асты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға