Жаңалықтар

СІМ-де Индонезиямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

СІМ-де Индонезиямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Фото: gov.kz 12.10.2023 05:31 346

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Индонезияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, дипломаттар алдағы бірлескен іс-шараларды, соның ішінде келесі жылы екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өткізу мәселелерін талқылады.

 Биыл Қазақстан мен Индонезия дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30-жыл толуын атап өтуде. Осы жылдар ішінде Астана мен Джакарта екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жоғары деңгейде сенімді әріптестікті орнатты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға