Жаңалықтар

СІМ басшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді

СІМ басшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді
Фото: ҚР СІМ 16.02.2024 13:49 1067

Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

СІМ мәліметінше, тараптар Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде жоспарланған елемізде өтетін іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.

2024 жылдың маусым айында жоспарланған ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысының бірқатар ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға ерекше назар аударылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға