Жаңалықтар

Сілеті су қоймасында гидромеханикалық жабдықтар орнатылды

Сілеті су қоймасында гидромеханикалық жабдықтар орнатылды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 26.05.2024 01:00 653

Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасының су торабының қақпаларын ашу механизмдерін сынау үшін гидромеханикалық жабдықтарды орнату және тексеру іс-шараларын орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бұл жыл сайын және жүйелі түрде жасалатын жұмыс. Су жіберу құрылыстарын ашу және жабу – механизмдердің дұрыс жұмыс істеуін, сондай-ақ Сілеті өзенінің төменгі арнасына су ағынын реттеуді жедел әрі қаупсіз орындауды қамтамасыз етуге арналған.

Сонымен қатар, Қорғалжын ауданындағы Кеңбидайық су торабының қызметкерлері қарағайдың қылқан жапырақты бұталарының көшеттерін отырғызу арқылы су торабы аумағын абаттандырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға