Жаңалықтар

ШЫҰ саммиті кезінде қандай сала мамандары қашықтан жұмыс істейді

ШЫҰ саммиті кезінде қандай сала мамандары қашықтан жұмыс істейді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 18.06.2024 23:15 523

Астанада 3-4 шілдесінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері қауіпсіздік шаралары күшейтілмек, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады. Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді.

Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға