Жаңалықтар

«Шынайы ақпарат». Қымбат Досжан Жәнібек туралы мәлімдеме жасады

«Шынайы ақпарат». Қымбат Досжан Жәнібек туралы мәлімдеме жасады
Фото: instagram/kymbatdoszhan 11.03.2024 15:18 12379

Қымбат Досжан Жәнібек туралы соңғы кездері жалған ақпараттардың тарап жүргенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында Жәнібектің болжамды әкесінің анық-қанығы қаңтарда белгілі болғандығын айтты.

Біріншіден, анасы әлі табылмады (әзірге дейік), әкесі жайлы да ешқандай ақпарат жоқ. Болжамды әкесі деп жұртты дүрліктірген ер адаммен біз 5 қаңтарда сөйлесіп, зерттеп, әкесі емес екенін бірден түсіндік. Басқа телеарнаға, эфирге қатысып жүргені бізге түсініксіз, өзіне аян болар, - деп жазды журналист.

Оның айтуынша, Жәнібектің ата-анасын іздеу әлі де жалғаса береді.

«Бармысың бауырым?» редакциясы журналистік зерттеу жұмысын толық атқарып шықты. Құжат бермей, аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, Жәнібек деген ұлын тастап кеткен әйелді - ресми құжаттар бойынша Жәнібектің анасы деп жазылған әйелді біз желтоқсанда таптық. Бельгиялық әйелдің Арқалыққа келіп, бәленбай мың еуро санап бердім деген кісіні де білеміз. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру ісі жүріп жатыр, ол құқық қорғау органдарының қолында, - деді ол.

Күні бүгінге дейін 28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды. Нәтиже жоқ. Тағы да болжамды ана немесе әке болуы мүмкін адамдар бар, зерттеу тоқтаған жоқ.

Екінші мәселе: Жәнібектің Испанияда айналысатыны маусымдық жұмыс(туристерге қызмет көрсету) ол орта мектепті бітірген соң біздегідей бірден универге түспеген, бірақ жоғары оқу орнында оқу жоспарында бар. Білімді әрине, сол Еуропада алсам деп ойлайды. Мальоркада жалғыз өзі пәтер жалдап тұрады, жекеменшік баспанасы жоқ. Отбасым деп, ең жақын достарын айтады. Жануарларым деп ранчоға барып, (тағы да жалданып) өзі баптап көмектесіп жүрген аттарын да қосып айтады. Жәнібектің басында үйі де, құрған отбасы да жоқ. Асырап алған шешесі Бельгияда қалған, - деді Қымбат Досжан.

Журналист шынайы ақпаратты бағдарламадан күтіңіздер деді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға