Жаңалықтар

Шымкенттік оқушылар 1000-ға жуық құс ұяларын орнатты

Шымкенттік оқушылар 1000-ға жуық құс ұяларын орнатты
Фото: gov.kz 18.03.2023 20:34 890
Құстарға қамқорлық бастамасын Шымкент қаласының зоологиялық саябағы қолға алып отыр. Мұндай игі шара 1 сәуір — Халықаралық құстар күніне дайындық екен. Дендросаябаққа жиналған ерікті оқушылар құстардың ұяшығын ағаштарға орнатып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 
Акция жыл сайын өткізіледі. Осы арқылы оқушылардың, қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін көтеріп, қоршаған ортаға құрмет көрсетіп, табиғатты аялай білуге шақырамыз. Шымкент зоологиялық бағы білім басқармасына құстарға ұя жасау бойынша ұсыныс берген болатын. Нәтижесінде, оқушылардың қолымен жасалған 1000-ға жуық ұяшық жиналды. Оның 500-ге жуығын дендросаябақ пен зоологиялық баққа орнатамыз. Қазір қаладағы өзге саябақтарға да ұсыныс беріп жатырмыз. Қолдау тапса, ерікті жастардың көмегімен құс ұяшықтарын орнатуға дайынбыз, - деді Шымкент зообақтың биолог қызметкері Бағдат Әмзебекұлы.
Шымкенттік оқушылар әр жылы құстарға ұя жасау бастамасына белсенді қатысады. Биылдың өзінде 50 мектептің 1000-нан астам оқушысы өздері жасаған құс ұяларын табыстап, табиғатқа қамқорлығын білдірді. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға