Жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер ауыр халдегі науқасты аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер ауыр халдегі науқасты аман алып қалды
Фото: Шымкент қ. денсаулық сақтау басқармасы 12.01.2024 22:00 937

Шымкенттік ақ халаттылар ауыр халде жатқан науқасты аман алып қалды. №1 клиникалық аурухана дәрігерлері сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа бірегей ота жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық денсаулық басқармасындағылардың мәліметінше, ауыр халге түскен науқас тіпті шет елдердегі дәрігерлердің тексеруінен өтіп, диагнозын ешкім анықтай алмаған екен.

№1 ауруханаға 1961 жылы туған ер адам ауыр жағдайда келіп түскен. Дәрігерлер пациентті медициналық тексеруден өткізіп, ұйқы безі түтікшесіндегі бездің ұшында және денесінің бірнеше бөлігінде тасы барын анықтайды.

Оқи отырыңыз: 

Күрделі әрі бірегей ота хируругия бөлімшесінің меңгерушісі Дәурен Қабыловтың жетекшілігмен жасалды. Ұйқы безіндегі тастардың көлемі үлкен болғандықтан хирургтар операцияны ашық әдіспен жасағанын алға тартты.

Науқасқа ота лапаротомия трансдуоденальды папиллосфинктеротомия және вирсунговтомия пластика әдісімен жасалды. Операция кезінде қауіп басым болғанын жасырмаймыз. Отадан кейін науқас үш күн жансақтау бөлімінде бақылауда болып, палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы жақсы. Бұл отаның ерекшелігі – науқасқа қойылған диагноздың сирек кездесуінде. Бастысы – дертті анықтап, қауіптің алдын ала білдік, – дейді операция жасаған хирург Дәурен Қабылов.

Айта кетейік, қалалық №1 клиникалық ауруханада трансплантациялық отадан бөлек бауыр, ұйқы безіне, өт жолдарына, асқазан ісігіне және тағы да басқа күрделі операциялар жасалады. Бірегей оталарды жасауда ауруханада алтын қолды хирург-дәрігер, марқұм Мади Хожаұлының шәкірттері: Сәбитхан Байтеміров, Дәурен Қабылов, Тайбек Садықов сынды білікті хирургтар командасы жасақталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға