Жаңалықтар

Шымкенттік дәрігер науқас қызды зорламақ болған

Шымкенттік дәрігер науқас қызды зорламақ болған
Фото: Pixabay.com 28.04.2023 16:16 1447

Шымкенттегі № 1 Қалалық клиникалық ауруханасы дәрігерлерінің бірі науқасты зорламақ болған деген күдікке ілініп, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аурухананың қабылдау бөлмесінің қызметкерлерінің айтуынша, оқиға өткен демалыс күні орын алған. Оның кезекшілік уақытында іш ауруына шағымданған қыз ауруханаға түскен. Науқасты тексеру үшін дәрігерлердің бірі оны қабылдау бөлмесіне апарған.

Аталған кабинетте нақты не болғанын қылмыстық іс шеңберінде тағайындалған сот-медициналық сараптаманың салдары мен нәтижелері көрсетеді. Алайда, куәгердің мәліметіне сәйкес, қабылдау бөлмесіне кірген қыз айқайлап, дәлізге жүгіріп шыққан.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға