Жаңалықтар

Шымкенттегі медициналық мекемелерге айыппұл салынды

11 мекемеге жалпы соммасы 3 874 695 теңге көлемінде айыппұл салынды
Шымкенттегі медициналық мекемелерге айыппұл салынды
Фото: gov.kz 26.08.2022 15:49 1040

Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласы прокуратурасымен біргелікте Шымкент қаласының бірқатар медициналық мекемелеріне жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz министрлікке сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесі бойынша қаладағы барлық дерлік медициналық мекемелерінде Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының (Заң) талаптарын орындамау фактілері анықталды, тек кейбіреулерінде ескіру мерзімі аяқталуына байланысты әкімшілік шаралар қабылданбады.

Атап айтқанда, Медициналық мекемелерде белгіленген тәртіппен салыстырып тексеруден өтпеген науқас мониторы, өкпені жасанды желдету аппараты, «Аудио-СМАРТ» аудиологиялық скринингке арналған жүйе және ультрадыбыстық диагностика аппараты т.с.с. бірнеше медициналық өлшеу құралдары пайдаланылған. Ал, мерзімінде салыстырып тексеруден өткізілмеген өлшеу құралы адам өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етіп, қауіп төндіруі ғажап емес.

Шымкент қаласы прокуратурасының ұсынымы негізінде, Департамент қызметкерлеріменмен 11 медициналық мекемелердің жауапты лауазымды тұлғалары Заңның 19-бабы талаптарын сақтамағаны үшін, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 419-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы соммасы 3 874 695 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға