Жаңалықтар

Шымкенттегі ХҚКО-да шетелдіктер саны күрт көбейген

Шымкенттегі ХҚКО-да шетелдіктер саны күрт көбейген
Фото: © Pixabay.com 25.05.2023 14:22 351

Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталығында қарбалас туындады. Бұл туралы otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып

Тұрғындар қызмет алу үшін 2-3 күш кезек күтуге мәжбүр. Өйткені адам саны әдеттегіден көп. Әсіресе шетелден жұмыс іздеп келген мигранттар басым. Ал әлеуметтік желіде жақында база жұмыс істемейді деген ақпарат тараған.

Абай ауданына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталығындағы азаматтардың басым бөлігі Өзбекстаннан жұмыс іздеп келгендер. Адам көптігінен тұрғындар ұзын сонар кезек күтуге мәжбүр.

Әбден кезек күтіп шаршаған тұрғындар шетелден келген азаматтарды бөлек қабылдау мүмкіндігін қарастырсын деген ұсыныс айтуда.

Статистикаға сүйенсек, орталық соңғы екі күнде тәулігіне шамамен мыңнан астам адамға қызмет көрсетіп жатыр. Ал бұған дейін бұл көрсеткіш 100-ге де жетпеген.

Жыл басынан бері заң шықты. Бұрын Өзбекстан азаматтары 1 айға келетін еді. Қазір 90 күнге шектеу қойылды. Әр үш ай сайын мерзімін ұзартып отыруы керек. Қазіргі қарбалас осыған байланысты туындап отыр. Өйткені шетелдіктер үш айдан кейін келісімшарт жасасып, бізге келеді. Қазір жаз келіп, құрылыс маусымы басталып жатқанына байланысты Өзбекстаннан жұмыс істеуге келгендер көбейген. Ресей мен Қырғызстаннан да азаматтар бар, - дейді Абай аудандық ХҚКО-ның бөлім басшысы Азамат Жанысбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға