Жаңалықтар

Шымкентте қайтарымсыз грант алған 23 азамат қаржыны мақсатсыз жұмсаған

Берілген грант қаржысы толығымен мемлекетке қайтарылды
Шымкентте қайтарымсыз грант алған 23 азамат қаржыны мақсатсыз жұмсаған
Фото: kaznovosti.kz 03.08.2022 15:46 1534

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, барлық 23 азамат жауапкершілікке тартылып, берілген грант қаржысы толығымен мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Сондай-ақ Б.Нарбекованың мәліметінше, Шымкентте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жолмен ақша табатын азаматтар көбейген. Осы ретте, қайтарымсыз мемлекеттік грант алып беру, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздерінде оқытатын курстарға ақылы түрде азаматтарды тіркеу фактілері де жиілеген.

«Алаяқтар өздерін мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырған. Нәтижесінде бірқатар қала тұрғыны алданып, жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, аудандық ішкі істер бөлімшелеріне арыздарын жазуда. Бұл ретте, қала тұрғындарын мұндай іс-әрекеттерге бармауға, алаяқтарға алданбауға шақырамыз», - деді Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға