Жаңалықтар

Шымкентте Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы жаңа колледж ашылды

Шымкентте Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы жаңа колледж ашылды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі 03.04.2024 22:44 270

Шымкентте Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы жаңа колледж ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу орны Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан құрылды. Колледждің ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты. Жүсіпбек Аймауытұлының атын беру униерситет жанындағы ғылыми кеңес мәжілісінде кеңінен талқыланды.  Шешім қолдау тауып, арнайы орта білім беретін оқу орны қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист есімімен аталды. 

Әзірге аталған колледжде 3 мамандықты оқытуға лицензия берілген, олар 01140100 - Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі, 01140200  - Музыкалық білім беру, 01140300 - Көркем еңбек мамандықтары. 

Мұнда 58 оқытушы жастарға білім береді.  Оның 1-уі ғылым докторы, 17-сі ғылым кандидаты, 3-уі PhD, 29-ы магистр, 3 –уі аға       оқытушы. Материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жасақталған ғимаратта 175 кабинет, 13 зертхана, 2 шеберхана жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға