Жаңалықтар

Шымкентте «жұмысқа орналастырамын» деп 2,5 млн теңге алған алаяқ ұсталды

Шымкентте «жұмысқа орналастырамын» деп 2,5 млн теңге алған алаяқ ұсталды
Фото: © Pexels.com 06.12.2023 15:20 644

Шымкент қаласының тұрғыны ұлын жұмысқа орналастырамын деп 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұран аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс ер адам өзінің байланыстары арқылы оның ұлын қалалық әуежайдың қауіпсіздік бөліміне жұмысқа орналастыруға уәде берген. Ол осы қызметі үшін 2,5 миллион теңге алып, “ізін суытқан”.

Аталған жайт бойынша Тұран АПБ-ның анықтаушылары Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тергеу амалдарын бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары 41 жастағы күдіктіні анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда полицейлер барлық айғақтарды жинап, қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың айласына түспеуді, бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша аудармауды, тек тиісті мекемелерден қызмет алуды ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға