Жаңалықтар

Шымкентте жаяу жүргіншілерді қаққан полиция қамауға алынды

Шымкентте жаяу жүргіншілерді қаққан полиция қамауға алынды
Фото: © Polisia.kz 08.08.2023 00:30 600

3 тамыз күні Шымкенттегі Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылған.

Қазір ол УҰИ-ға қамалды. Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға