Жаңалықтар

Шымкентте жастардың рождестволық бал-кеші өтті

Шымкентте жастардың рождестволық бал-кеші өтті
16.01.2019 03:59 2899

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы ассамблея ғимаратында қалалық славян этномәдени бірлестігі мен «Преображение» жастар клубының ұйымдаструымен «Рождество» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дін қызметкерлері, жастар ұйымдарының мүшелері қатысқан мерекелік кеште жұртшылықты бірілікке, татулыққа, жақсылық жасауға шақыратын мерекенің маңызы сөз болып, көпшіліктің назарына арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды. Жиылғандар мерекелік дастарханнан дәм татып, бір-біріне жылы лебіздерін арнады. 

Салтанатты жиын «Преображение» жастар клубының Шымкент қаласы мен Жамбыл, Түркістан облысындағы белсенділері дайындаған дәстүрлі мерекелік бал-кешіне ұласты. Полонез, павана билерімен көпшілікті сүйсіндерген бозбалалар мен бойжеткендер барша қатысушылар үшін испан биінен шеберлік сабағын өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға