Жаңалықтар

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 24.03.2024 05:38 565

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

«Шұғыл шақырылым» бағдарламасы тілшісінің хабарлауынша, оқиға 22 наурызда сағат 19:30-дар шамасында Тұран-1 шағын ауданында (Қайтпасқа қарай бұрылыста) болған.

Алдын ала мәлімет бойынша BMW тігіндеген 39 жастағы жүргізуші Lexus көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан қатты соққы BMW көлігінің алдыңғы жолаушылар орындығы орналасқан жағына тиген. Орындықта отырған 27 жастағы жолаушы қайтыс болды.

BMW көлігінің жүргізушісі мен екінші жолаушысы түрлі дене жарақаттармен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Ал Lexus көлігінің рөлінде 2004 жылғы жүргізуші болған. Оған медициналық көмек қажет болмады.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға