Жаңалықтар

Шымкентте жамбы атудан тұңғыш Азия чемпионаты өтеді

Шымкентте жамбы атудан тұңғыш Азия чемпионаты өтеді
Фото: Ұлттық спорт және ат спорты түрлері орталығы 08.04.2024 16:04 626

Сәуір айының 14-19 аралығында Шымкент қаласында жамбы атудан ересектер арасында тұңғыш Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі.

Чемпионатта сары құрлықтың Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань және Таиланд секілді 14 мемлекетінен келген 60 спортшы 4 стиль (жамбы, түркі, азия, мажар стилдері) бойынша жарысқа түседі.

Дүбірлі доданы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі,  Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, ҚР Жамбы ату федерациясының қолдауымен Азиялық жамбы ату федерациясы бірлесе ұйымдастырып отыр.

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

  1. Ералхан Айкөз - 1998 жылы 5 маусында Түркістан облысы, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылында дүниеге келген. 2021 ж. Тегерандағы XVI әлем чемпионатының жеңімпазы және күміс жүлдегері
  2. Батыр Бексауыт - 2001 жылдың 8 тамызында Түркістан облысы, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылында дүниеге келген. 2021 жылы Жастар арасындағы ҚР чемпионатында- 1 орын
  3. Айтбек Сарыбай – 1998 жылы 30 қаңтарда, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылында дүниеге келген. 2019 ж. Оңтүстік Кореяда өткен XV әлем чемпионатының Жеңімпазы және қола жүлдегері
  4. Абзал Тұлыбеков – 1996 жылы 31 қазанда Алматы облысында дүниеге келдген. 2018 ж Жамбы атудан Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
  5. Нұрсұлтан Бірлікбаев - 2004 жылы 14 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Монғолия Әлем чемпионатында Аңшылық трек бойынша 3-орын алды.
  6. Ақаділ Пернебай – 2005 жылы 17 қазан күні Қызылорда облысында дүниеге келген, 2023ж. Монғолияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Бас бапкер: Елдос Бадашев

Айта кетейік, Азия чемпионаты аясында 15-сәуір мажар стилі, 16-сәуір азия стилі, 17-сәуір түркі стилі, 18-сәуір жамбы стилі бойынша жарыс болады. Соңғы жарыс күні «Тайтұяқ» жүлдесі үшін жеңімпаздар мен жүлдегерлер сынға түседі. Сондай-ақ, марапаттау рәсімі болады. Ал, 19-сәуірде шетелдік қонақтар Түркістан қаласына экскурсия жасайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға