Жаңалықтар

Шымкентте жамбы атудан Азия чемпионаты аяқталды

Шымкентте жамбы атудан Азия чемпионаты аяқталды
Фото: Шымкент қалалық әкімдігі 20.04.2024 01:29 696

Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған жамбы атудан ересектер арасындағы Азия чемпионаты Шымкент қаласында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, 14-19 сәуір күндері 14 мемлекеттен келген 60 мерген үшінші мегаполисте ұлттық спорттан бақ сынады. Олар: Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань, Таиланд және Қазақстан мемлекетінің спортшылары.

Сары құрлықтан жиналған спортшылар дүбірлі додада «Мажар», «Корей», «Түркі» және «Қазақ» стильдері бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы:

«Мажар» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі

«Корей» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі

«Түркі» стилі бойынша 1-орын: Қазақстанның спортшысы Батыр Бексауыт

«Жамбы» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі

Чемпионатта 1-орын иеленген әр спортшыға 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды. Ал екінші орын алғандар 300 000 теңге алса, үшінші орынға жайғасқандарға 200 000 теңге берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға