Жаңалықтар

Шымкентте жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді
Шымкентте жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: polisia.kz 26.09.2022 10:35 1280

Шымкентте жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында «Сергек-қорғау» қосымшасының көмегімен жалған мемлекеттік нөмір таққан ВАЗ-21014 автокөлігін байқады. 

Жүргізушіні тоқтатып, тексеру барысында белгілі болғандай, азамат ресейлік нөмірді қазақстандық нөмірге ауыстырып алған. Аталған жайт негізінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері , жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі «Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, жиналған материалдарды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді.

 Сондай-ақ, «Сергек-қорғау» қосымшасы енгізілген сәттен бастап мегаполис жолдарында 123 964 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде жалған МТНБ-мен автокөлік жүргізген 62 жүргізуші анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға