Жаңалықтар

Шымкентте үш адамды жылан шағып алды

Шымкентте үш адамды жылан шағып алды
30.05.2023 11:09 478

Шымкентте жыландар көбейіп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бауырымен жорғалаушылар аулалаларда, тіпті үй-жайларда да анықталған.

Құтқару қызметіне тұрғындардан 35 қоңырау түскен. Жыландар балабақша аумағынан да табылған. Құтқарушылар оны арнайы құрылғымен ұстап, қауіпсіз жерге жеткізген. Соңғы екі айда үш адамды жылан шаққан. Оларға медициналық көмек көрсетілді.  

Ай басталғалы 35 қоңырау түссе, соның 26-сында жыландарды ұстап үлгердік. Әртүрлі жыландар бар, - деді ТЖД қызметкері Орынбасар Төртбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға