Жаңалықтар

Шымкентте Түркияның Гази университетінің филиалы ашылды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті
Шымкентте Түркияның Гази университетінің филиалы ашылды
Фото: gov.kz 25.11.2022 17:53 1217

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Түркияның Гази университетінің филиалы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл еліміздегі жоғары білім саласын әртараптандыруға жол ашады.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева, сондай-ақ Гази университетінің ректоры Мусой Йылдыз және Анкара университетінің ректоры Наджет Унувармен академиялық ұтқырлық аясындағы өзара байланысты нығайту, ғылыми практикалық тәжірибе алмасу туралы меморандумға қол қойды.

Университет ректоры Наджет Унуварға «ОҚМПУ профессоры» атағын табыстады. Құрметті қонақтар университеттің материалдық техникалық жағдайымен танысып, аллеяға ағаш отырғызды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға