Жаңалықтар

Шымкентте тұрғын үйден жылан шықты

24.05.2025 21:42 747
Шымкентте тұрғын үйден жылан шықты

ТЖМ құтқарушылары тұрғын үй ауласынан жыланды ұстап алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметіншк, Шымкент қаласының Абай ауданында, Жамалова көшесіндегі тұрғын үй ауласында бауырымен жорғалаушы жүргені туралы хабарлама түсті. Қорқып қалған тұрғындар 112 нөміріне хабарласқан.

Оқиға орнына келген құтқарушылар бауырмен жорғалаушыны арнайы құралдармен ұстап, қауіпсіз жерге шығарды. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, - делінген мәліметте.

Құтқарушылар жыртқыш жәндіктерді кездестіргенде сабыр сақтакға және құтқарушыларға жүгінуге шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға