Жаңалықтар

Шымкентте тау шаңғысы курорты салынады

Шымкентте тау шаңғысы курорты салынады
Фото: © Pixabay.com 19.12.2023 17:21 654

Шымкентте өткен Creative Shustry of Shymkent 2023 форумында туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев алдағы уақытта қалада тау шаңғысы курорты салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жиында Ержан Еркінбаев Шымкент қаласының табиғи көрікті жерлерімен, тарихи-мәдени нысандарымен және қаланың дәмді гастрономиясымен үлкен туристік әлеуетке ие екенін атап өтті.

Сонымен қатар Ержан Еркінбаев өңірдің мүмкіндіктерін ескере отырып, аймақтағы туризмнің дамуына оң серпін беретін тау шаңғысы кешенін салу қажеттігі туралы айтты.

Уақыт өте келе Қасқасу аумағы тау шаңғысы туризмінің ордасына айналады деп үміттенеміз. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде, – деді ол.

Халық үнінің хабарлауынша, сондай-ақ Ержан Еркінбаев өңірдегі және жалпы елдегі креативті индустрияларды дамыту бойынша пікірлерін ортаға салды.

Жиыннан кейін Creative industry of Shymkent форум-көрмесі болып, оған 500 адам қатысты. Көрмеде 30-ға жуық спикер креативті индустрия саласында жаңа идеяларды енгізу, жобаларды іске асыру үшін инвесторлар мен демеушілерді тарту бойынша баяндама жасады.

Көрме аясында 20 жоба ұсынылып, бірқатар меморандум мен жол картасына қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға