Жаңалықтар

Шымкентте прокурордың ұлы гүл дүкеніне шабуыл жасады: прокуратура мән-жайды түсіндірді

Шымкентте прокурордың ұлы гүл дүкеніне шабуыл жасады: прокуратура мән-жайды түсіндірді
Фото: Видеодан кадр 10.08.2023 09:00 1223

Шымкенттегі прокурордың ұлы жасады деген қылмысқа байланысты қалалық прокуратура мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіде 8 тамызға қараған түні Шымкент қаласы Рысқұлов көшесі, 195 мекенжайында орналасқан гүл дүкеніне бір топ адам мас күйінде кіріп, сатушыларды дене жарақатын саламыз деп қорқытқаны және солардың ішінде прокурордың баласы болғандығы туралы ақпарат тараған болатын.

Шымкент қаласының прокуратурасы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

8 тамыз 2023 жылы әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолдану қаупін жасаған адам прокуратура қызметкерінің ұлы деген ақпараттар жарияланған. Аталған адам прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес екенін хабарлаймыз, - деді Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ал Шымкент қаласы Тұран ауданы полиция басқармасының мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты жәбірленуші арыз беруден бас тартқан.

Гүл сатушы арыз беруден бас тартты. Алайда бұған қарамастан полицейлер ҚР ӘҚБтК 434-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады, - деп хабарлады полициядан.

Қазіргі таңда осы факт бойынша жиналған материалдар құқық бұзушыға қатысты шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға