Жаңалықтар

Шымкентте пара алды деген күдікпен ұсталған экс-шенеунік ақталып шықты

Шымкентте пара алды деген күдікпен ұсталған экс-шенеунік ақталып шықты
Фото: Видеодан кадр 17.11.2023 09:32 2893

Шымкентте бұған дейін қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаев ақталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұхтар Қоқанбаевқа мемлекеттік субсидияларды дер кезінде және кедергісіз аударғаны үшін тасымалдаушы компания өкілінен 13 миллион теңге алған деп айып тағылған еді. Сондай-ақ экс-шенеунік кәсіпорынды "негізсіз тексерулермен" алаңдатпауға және жалпы оның қызметіне кедергі жасамауға уәде берген.

Прокурор Қоқанбаевты өмір бойына мемлекеттік қызметтен босата отырып, бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот сотталушының, оның адвокаттарының, жәбірленушінің, куәгердің және прокурордың қатысуымен жалпы тәртіпте ашық режимде өтті. Сот сотталушыны, жәбірленушіні, куәларды тыңдап, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарын зерделей келе, Қоқанбаевтың іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты тағылған айыптан босатылды, – делінген хабарламада.

Енді экс-шенеунік заңсыз қудалаудан келтірілген шығынды өтеуді талап ете алады. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға