Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМУ-де Чехия республикасының Палацк университетінен шақырылған ғалымдардың қатысуымен оқу тәжірибе алмасу шаралары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Университетте жоғары білім беру мен ғылыми үдерісті интернационалдандыруды арттырудың негізгі индикаторларының бірі дәрістер оқу, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан шетелдік профессорларды тартуға бағытталған.
Европалық мамандар апта бойы «Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық жазылым», «Инклюзивті білім беру концепциясы» тақырыптарында ғылыми семинар өткізіп, магистранттар мен докторанттармен, жас ғалымдармен пікірлесуді көздеп отыр.
Сондай-ақ, кафедраның профессор-оқытушыларына Чехия білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің рөлі мен теориялық-әдіснамалық негіздері, заманауи тенденциялары мәселелерін талқылап, пікір алмаспақшы.
Шымкентте Палацк университетінен шақырылған ғалымдармен тәжірибе алмасу басталды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді