Жаңалықтар

Шымкентте өртке оранған пәтерден ер адамның денесі табылды

Шымкентте өртке оранған пәтерден ер адамның денесі табылды
Фото: Видеодан кадр 13.04.2023 09:34 559

Шымкентте көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz.

Қаладағы 17 шағын ауданда орналасқан көппәтерлі үйдегі өрт туралы хабарлама 12 сәуірге қараған түні түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде үшінші қабатта орналасқан пәтердегі жиһаз бен заттар толықтай өртеніп кеткен.

«Пәтерде 1962 жылы туған ер адамның денесі табылды. Көппәтерлі үй тұрғындары эвакуацияланды», – деп хабарлайды Шымкент ТЖД баспасөз қызметі.

Көршілерінің айтуынша, ер адам жалғыз өмір сүрген, алкогольді жиі пайдаланған көрінеді.

Өрттің нақты себебін анықтау үшін зерттеу тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалынға сөндірілмеген темекі себеп болуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға