Шымкентте өрт сөндірушілер дәмханадағы өртті сөндірді

 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкент қаласында дәмханадан өрт шығып, ТЖМ қызметкерлері дер кезінде сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір сағат бұрын өрт сөндіру қызметінің пультіне Әл-Фараби ауданы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан екі қабатты ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен сәтте екінші қабатта орналасқан дәмхана шатырының ағаш конструкциялары жанып жатқан. 

✅Өрт 250 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған министрлік хабарламасында. 

Оқи отырыңыз