Жаңалықтар

Шымкентте оқушының денесі табылды

Шымкентте оқушының денесі табылды
Фото: el.kz 09.06.2023 22:03 760

9 маусым күні таңертең Шымкентте Қаратау ауданының Тұран-1 шағын ауданында жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Белгілі болғандай, 2007 жылы туған бала 8 маусымда кешке мал бағуға кетіп, сол күйі оралмаған. Таңғы сағат 4:50-де оның денесі Новостройка көшесінен табылған. OTYRAR мәліметінше, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазір жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Жасөспірім 15 жаста, №72 орта мектепте оқушысы, инклюзивті білім алған.

Бала 9-сыныпты бітірді, мектепте мұндай проблемалар болған жоқ, мінез-құлқы жақсы, инклюзивті білім алды, сабақтарға тұрақты қатысады. Бүгін емтихан болды, ол келген жоқ. Таңертең ата-анасына қоңырау шалып, қайғылы хабарды естідік. Олар баласының басы айналып құлап, басын қатты жерге ұрып алған болуы мүмкін деп отыр. Отбасына көңіл айтамыз, - деді Шымкент қаласының №72 мектебінің директоры Бегмат Усманов.

Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға