Жаңалықтар

Шымкентте Оқушылар сарайы келесі жылы қолданысқа беріледі

Шымкентте Оқушылар сарайы келесі жылы қолданысқа беріледі
Фото: Шымкент қалалық әкімдігі 05.07.2023 00:20 762

Шымкенттегі Тұран шағынауданында Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс алаңында болып, жұмыс қарқынын қадағалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, заманауи талапқа сай бой көтеретін ғимаратта оқушылардың сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени бағытта дамуына барлық жағдай жасалады. 3 блоктан тұратын 3 қабатты ғимараттың жалпы сыйымдылығы 500 орындық. Жобада 35 орынға арналған асхана, 80 көлікке арналған автотұрағы қарастырылған.

Құрылысы мамыр айында басталған ғимарат жоспарға сай келесі жылы қолданысқа беріледі. Құрылыс жұмыстарына әзірге 50 адам 4 техника жұмылдырылып отыр. Осыған дейін мұнда жер қазылып, іргетасының жартысынан астамы құйылған. Қазір қабырғалар тұрғызылып, бағаналар орнатыла бастады, - делінген мәліметте.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыстың өндірістік кестеге сай жүргізілуін бақылауға алып, сапасыздыққа жол бермес үшін жұмыс барысында тиісті талаптарды назарға алу қажеттігін ескертті.

Айта кетейік, қалада 2025 жылға дейін тағы 3 оқушылар сарайы мен 8 өнер мектебі салынады. Бұл орталықтар өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда, жан-жақты дамытуда маңызы зор.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға