Жаңалықтар

Шымкентте мектеп оқушысын қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды

Шымкентте мектеп оқушысын қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды
Фото: © Polisia.kz 09.10.2023 17:32 609

Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

7 қазан кешкі сағат 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінің бойында BMW-530 автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасын жасады. Салдарынан 9 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды.

Істің мән-жайын анықтауға Шымкент қаласы ПД-ның анықтаушылары мен криминалистері барды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы) бойынша тіркелді. Анықтаушылар қажетті сараптамаларды тағайындады.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады. Полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысына қатысушылардан жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға