Жаңалықтар

Шымкентте мектеп директорын сақалдылар сабап кеткен

Шымкентте мектеп директорын сақалдылар сабап кеткен
Фото: facebook.com/ZhanarSapar 14.09.2023 16:15 14348

Шымкентте мектеп директорына теріс діни ағым өкілдері қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек  Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айгүл Орынбектің айтуынша, теріс діни ағым өкілдері мектеп директорына дене жарақатын салған.

Күні кеше Фирдауси мектебінің директоры Жанар Сапарды екі сақалды қазақ жігіттері келіп қылқындырып, ұрып, сүйрелеп дене жарақатын салып кеткен. Ал полиция қызметкерлері екі жігітті табудың орнына, “арыз-шағымым жоқ” деген қағаз жаздырып алып кеткен! Теріс діни ағымдарға және діни киім атрибуттарына шұғыл түрде заң қабылдауды талап етемін! - деп жазды Facebook парақшасында.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға