Жаңалықтар

Шымкентте мектеп бухгалтері сотталды

Шымкентте мектеп бухгалтері сотталды
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 10.10.2024 10:35 435

Бухгалтер сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есепшотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған. Барлығы 5,1 млн теңге сомасында аударым жүргізілген, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды.

Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға