Жаңалықтар

Шымкентте көпқабатты бірнеше үй уақытша су жүйесінен ажыратылды

Шымкентте көпқабатты бірнеше үй уақытша су жүйесінен ажыратылды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі 05.02.2024 07:38 320
Шымкент қаласында жексенбі күні Байтұрсынов пен Мәделі қожа көшелерінің қиылысында диаметрі 159 мм жылу құбырынан ақау шығуына байланысты қазу жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
 
Ретке келтіру жұмыстарын жүргізу үшін «К-24» қазандығынан жылу алатын Әлімбетов көшесі № 45 «Б», Мәделі қожа көшесі № 48, Қонаев даңғылындағы № 63 көпқабатты тұрғын үйлер уақытша жылу жүйесі мен ыстық судан ажыратылды. Қазіргі уақытта «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның мамандары тарапынан 4 бригада және 5 техника жасақталып, қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.
Тұран-1 мөлтек ауданындағы № 36 және № 26 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін ішкі орамдық жылу желілерінде (диаметрі 133 мм) ақау шыққанына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақауды қалпына келтіру үшін Тұран-1 ш/а 359/26, 359/28, 359/36, 359/31, 359/30 көпқабатты тұрғын үйлер уақытша жылу жүйесінен және ыстық судан ажыратылады. Қазіргі таңда «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның мамандары тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жасалуда, - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада. 
Айта кетейік, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ақау шыққан екі нысанға арнайы барып, жағдайды біліп, бақылауына алған. Оған қоса, тиісті аудан әкімдігі және «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы тарапынан аталған үйлердің тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.  
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға