Жаңалықтар

Шымкентте кір жуатын ұнтақ заңсыз дайындалып келген

Шымкентте кір жуатын ұнтақ заңсыз дайындалып келген
Фото: Polisia.kz 21.02.2024 20:11 586

Түркістан облысының полициясы кір жуатын ұнтақты заңсыз дайындаған жасырын цехты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласында орналасқан заңсыз өнім дайындайтын цех қызметіне тосқауыл қойды.

Кентау қаласының екі тұрғыны кір жуғыш ұнтақтың белгілі жазулары бар брендтерінің полиэтилен пакеттерін алып, оған қолдан жасалған сапасыз ұнтақтарды салған. Олар бұл әрекеттерін Шымкент қаласындағы үйді жалға алып, сонда жасаған, - делінген мәліметте. 

Полиция тексеру барысында цехтан ішінде контрафактілік өнімі бар 300-ден астам қапты, сонымен қатар әрқайсысы 40 келі болатын белгісіз ұнтақ тектес заттың 13 қабын, ұнтаққа қосу үшін дайындалған тұз тәрізді заттың 5 қабын анықтады. Сонымен қатар электронды таразылар және тағы да басқа айғақты заттар тәркіленді. 

Қазіргі уақытта жиналған материалдар Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға