Жаңалықтар

Шымкентте кинотеатрға келген келуішінің көлігін мас ер адам ұрлап кеткен

Шымкентте кинотеатрға келген келуішінің көлігін мас ер адам ұрлап кеткен
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.09.2023 15:49 921

Шымкентте кинотеатрға келген келуішінің көлігін мас ер адам ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полиция мәліметінше, Әл-Фараби ауданының полицейлеріне қаладағы жеке кинотеатрлардың бірінің маңында тұрған Mercedes-Benz Sprinter көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түскен.

Ауыр жұмыс күнінен кейін қалыңдығымен кино көруді жоспарлаған қала тұрғыны көлігінің ұрланғанын біліп, бірден 102-ге хабарласқан. Көлік ұрысын ұстауға №766 автоэкипаж бағытталды. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары патрульдік полицейлерге ұрланған көліктің қозғалыс бағыты туралы хабарлап отырды.

Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талаптарына бағынбаған ер адам жасырынуға тырысып, газды басып отырған. Ол бірнеше минуттан кейін Қаратау ауданындағы көшелердің бірінде ұсталды.

Медициналық куәландыру қорытындысы ер адамның мас болғанын көрсетті. Осы құқық бұзушылық үшін ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – дейді ППП-нің қызмет инспекторы Ғабит Әбдірахман.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеушілері бөтеннің көлігін заңсыз иемдену жайты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

– Медициналық куәландыру қорытындысы ер адамның мас болғанын көрсетті. Осы құқық бұзушылық үшін ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – дейді ППП-нің қызмет инспекторы Ғабит Әбдірахман. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеушілері бөтеннің көлігін заңсыз иемдену жайты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/shymkentte-mas-er-adam-kinoteatrgha-kelushining-koligin-urlap-ketken/

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға